Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өткен жылмен салыстырғанда өсім қалыптасты

05.09.2022, 15:30 205

HALYQLINE.KZ Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов бүгін Мемлекет басшысының халыққа Жолдауынан туындайтын міндеттер мен тапсырмаларын іске асыруға арналған мәжіліс өткізді.

Жиынға ардагерлер, кент және ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекеме, бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Аудан басшысы Президент Жолдауында саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар нақтыланып, алдағы міндеттерді айқындап бергенін жеткізді.

– Жолдауда айтылған барлық бағдар бойынша нақты шаралар қабылдап, сапалы іске асыруға тиіспіз. Мемлекет басшысы жаңа экономикалық саясат макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және цифрландырудың тың тәсілдері қажеттілігін атап өтті.

Аудан бойынша 7 ай қорытындысымен барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім қалыптасты, – деді Асқарбек Есжанов.

Мәжілісте аудан әкімінің орынбасарлары Арнұр Нұрмағанбетов, Алтынбек Дәрібаев, Жасұлан Еспенбет Президент Жолдауының негізгі бағыттары бойынша ауданда атқарылатын жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев Жолдауда көрсетілген міндеттер ел экономикасына серпін беретінін жеткізіп, ұсыныстарын ортаға салды.

Аудан әкімі Асқарбек Есжанов бірқатар бөлім, мекеме басшыларына, кент, ауылдық округ әкімдеріне Жолдаудан туындайтын міндеттер орындауға байланысты тапсырма берді.

Айта кетейік, Президент Жолдауын іске асыруға арналған Ұлттық жоспар аясында аудандық деңгейде арнайы жоспар әзірленеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: