Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі Жеңіс Сейдолланы қабылдады

10.05.2022, 10:30 529

HALYQLINE.KZ Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші-композитор Жеңіс Сейдуллаұлымен кездесті. Жиында өңір басшысы Ұлы Жеңіс күнімен тұспа-тұс келген әншіні 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Өңір басшысы отандық эстрададағы қолтаңбасы бар Жеңіс Сейдоллаұлына шығармашылық табыс тілеп, оның туған жерге арналған туындыларын Сыр жұртшылығы жақсы ілтипатпен қабылдайтынын жеткізді. Мерейтой иесіне аймақ жұрты атынан Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасын табыстады.

Өз кезегінде Жеңіс Сейдоллаұлы көрсетілген құрметке ризашылығын білдірді. Айта кетейік, талантты композитор, әншінің Н.Бекежанов қазақ академиялық музыка драма театрында «Сен деп соққан жүрегім» атты кеші өтті.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: