Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселесімен қабылдады

01.11.2024, 14:30 992

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі әлеуметтік көмекке, емделуге, кәсіпкерлікті қолдауға, тұрғын үйге және жұмысқа орналасуға қатысты мәселелер көтерді.

Келушілердің ұсыныс-пікірлерін, өтініш-сауалдарын мамандар жан-жақты қарастырады. Әрқайсының себеп-салдары жіті зерттеліп, заң аясында шешімі шығады. Кейбір сұрақтар бойынша түсіндірмені мамандар сол жерде берді. Бірқатарының шешілу жолдары көрсетілді.

Бүгінгі қабылдауда облыс әкімі I топ мүгедектігі бар азаматтың жолдасын тұрақты жұмысқа орналастыру жолдарын қарастыруды жауапты басшыларға тапсырды. Сонымен бірге, жалдамалы пәтерде тұратын 7 балалы ананы тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін қажетті шара қабылдауды жүктеді. Баспана заң аясында кезекпен берілетінін, тұрғындар сұранысы ескеріліп көпқабатты тұрғын үйлер құрылысының қарқыны артқанын, көпбалалы ананы уақытша тұрғын үймен қамту қолға алынатынын жеткізді.

Қабылдауда көтерілген мәселелер заңда белгіленген тәртіппен, кезең-кезеңімен шешіледі. Аймақ басшысы осы орайда жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма берді.

Айта кетейік, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov порталы арқылы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: