Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Н.Нәлібаев: Су жүйесі, Жылуэлектрорталығы, Электр тарату компаниялары жекешелендірілмейді

02.08.2022, 10:00 508

HALYQLINE.KZ Үкімет басшысы Әлихан Смайловтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы өтті.  Жиынға бірқатар министрлер мен барлық өңірдің әкімі қатысты.

Жиында Жекешелендірудің 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын қайта қарау жөніндегі ұсыныстар қаралды.  

Қызылорда облысы бойынша жекешелендірудің Кешенді жоспарына сәйкес бәсекелестік ортаға беруге жататын 13 нысан енгізілген, оның ішінде 9 коммуналдық меншік объектісі және 4 «Байқоңыр» ӘКК акционерлік қоғамының ұйымы. Өткен жылы сауда-саттыққа 9 объект көзделіп, 3 нысан сатылды. 6 нысан үш реттен тендерге шығарылып, өтінімдердің болмауына байланысты сауда-саттықтар өткізілмеді деп танылған.

Облыс әкімі комиссия отырысынан кейін басқарма басшылары мен қала, аудан әкімдеріне бұл бағытта жұмыстарды айқындап, тиісті деңгейде жұмысты үйлестіру қажет екенін ескертті. Сондай-ақ, маңызды нысандар жекешелендірілмейтінін баса айтты.

– «Қызылорда Су жүйесі», «Қызылорда жылуэлектрорталығы», «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» секілді маңызды нысандар жекешелендірілмейді. Бұл нысандар мемлекеттік меншікте болуы керек. Мәдени нысандар мен демалыс паркі де мемлекеттің меншігінде болады. Сондықтан бұл бағытта халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, – деді Н.Нәлібаев.

Айта кетейік, комиссия отырысының қорытындысымен Жекешелендірудің кешенді жоспарына ұсынылған түзетулер қаралып, аймақтағы 4 нысанды жекешелендіру тізбесінен алып тастау мақұлданды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: