Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Министрді сынаған Бобров дипломатиялық қызметін аяқтаған

29.08.2023, 14:14 189

HALYQLINE.KZ

Ресейдің Қазақстандағы бас консулы Евгений Бобров 26 тамыздан бастап дипломатиялық қызметін аяқтаған. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Бобров өткен аптада ТАСС ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Қазақстандағы орыстілді сыныптардың азайғанын айтып, Қазақстан оқу-ағарту министрлігін айыптай сөйлеген.

«Бұған бір объективті себеп бар, ол – орыс халқының 15,2 пайызға қысқаруы. Бұған қоса, тағы бір нақты себеп білім саласындағы министрліктің қазақ тіліне басымдық беретін мемлекеттік бағдарламасы» деген еді Бобров. Оның бұл сөзі Қазақстан қоғамында қарсылық тудырды. Ресей қазақтарына арнап Астрахань, Омбы, Орынбор қалаларында қазақ мектептерін ашу керек деді.

Смадияров журналистердің «Бобров қызметін аяқтап кетіп бара жатып, осы сөзді айтып кетті ме?» деген сұрағына жауап бермеді, тек Бобровтың сөзі «дұрыс емес» деді.

Кейінгі уақытта Ресейде Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар және орыс халқының жағдайы туралы әртүрлі деңгейдегі талқылаулар күшейген. Ресейлік саясаткерлер мен пропаганда журналистері ара-тұра «Қазақстанда орыс тіліне қысым жасалып жатыр» деп бірнеше рет мәлімдеме жасайды. Ресейлік саясаткерлер Қазақстандағы қазақ тілді белсенділердің әрекетін және тілге қатысты заңдарды жиі сынға да алады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр 7 қазанда Санкт-Петербургте ТМД елдері басшыларының бейресми саммитінде ТМД жанынан орыс тілін қолдау және дамыту бойынша халықаралық ұйым құруды ұсынған. Ұсынысты Ресей басшысы Владимир Путин қолдаған еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: