Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Мемлекеттік тілге немқұрайды қарау жақсылықтың нышаны емес»

09.08.2020, 11:00 514

HALYQLINE.KZ Кішкентай ғана инфографика. Бірақ іші толған қате. Оқи бастап ем, тілім тұтығып, тұрып қалдым.

Біріншіден, «COVID-19 ҚАЗАҚСТАН» деген сөз «ҚАЗАҚСТАН COVID-19» болып, елдің аты бірінші жазылуы керек. Елін, жерін, тілін, ділін қадірлейтін қызметкер осы жағына абай болады.

Екіншіден, «2020 жылдың 13 наурыздан 4 тамызға дейін» деген сөз «2020 жылдың 13 наурызынан 4 тамызына дейін» болып жазылуы тиіс.

Үшіншіден, «2020 жылдың 1-4 тамыз аралығында» деген сөзді «2020 жылдың 1-4 тамызы аралығында» деп жазғанда өте дұрыс болар еді.

Қазақ елінің мемлекеттік тіліне, оның түсінікті және сауатты жазылуына немқұрайды қарау жақсылықтың нышаны емес.

Көсемәлі Сәттібайұлының фейсбук парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: