Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекеттік қызметке кір келтіргендер жазаланды

14.08.2020, 11:00 211 0

HALYQLINE.KZ Жыл басынан бері Әдеп жөніндегі кеңестің 7 отырысы өткізіліп, 25 мәселе қаралған. Бұл туралы Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрман Талқанбаев брифинг барысында мәлімдеді.

Әдеп жөніндегі кеңесте қаралған мәселелердің 14-і тәртіптік іс болған. Қалған мәселелер мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасы және мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдердің есебіне бағытталған.

Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін 2 мемлекеттік қызметшіге және мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін 6 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза көрілген.

Облыстағы мемлекеттік органдарда 26 тексеру жүргізіліп, 81 бұзушылық анықталған. Заңбұзушылықтардың негізгілері жұмыстан тыс уақытта артық жұмысқа тарту, «Б» корпусының бос әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсты өткізу рәсімдерін бұзу және азаматтың және жұбайының салық заңнамасына сәйкес өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы анықтаманы ұсынбауы болып отыр.

«Ағымдағы жыл басынан бері бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзғаны үшін 15 әкімшілік іс қозғалып, мемлекет пайдасына 338010 теңге өндірілді», – деді Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Н.Талқанбаев.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Қызылорда облысы бойынша департаментінің

баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: