Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мархабат Жайымбетов Қазалы ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысты

27.08.2022, 17:20 1020

HALYQLINE.KZ Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов жұмыс сапарымен Қазалы ауданында болып, бірқатар құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Мархабат Жайымбетұлы алдымен аудан әкімі Мұхтар Оразбаевпен бірге Ү.Түктібаев ауылы тұрғындарының қуанышымен бөлісіп, жаңа спорт кешенінің іргетасын қалады.

Мұнан соң «Қарлаң» көпірі мен Қазалы қаласындағы 140 орындық балабақша құрылысының басына барып, мердігермен жолығып, құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтау керектігін ескертті.Қазіргі таңда Қазалы ауданында 3 бірдей елді мекенді газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының барысымен танысу үшін Мархабат Жайымбетов арнайы Басықара ауылына барып, мердігерлермен кездесті. Кездесуде тиісті сала басшылары Басықара, Қ.Пірімов және Жалаңтөс батыр ауылы жақын күндері көгілдір отынға қосылатынын жеткізді.Облыс әкімінің орынбасары Қазалы ауданына сапары кезінде Басықара ауылына кіреберіс көпір, Әйтеке би кентіндегі автоматтандырылған электронды емтихан алаңын абаттандыру мен 250 орындық мектеп құрылысымен де танысты.

Сонымен қатар, Бекарыстан би мен Майдакөл елді мекендерінің аралығындағы жолды асфальттау мен Қазалы қаласындағы 10 көшені жарықтандыру жұмыстарының барысын көрді.

Мұнан соң Әйтеке би кентіндегі 600 орындық мәдениет үйі мен 6 көпқабатты тұрғын үйлердің абаттандыру жұмыстарын бақылады.

Құрылысы аяқталған мәдениет үйінде Мархабат Жайымбетұлы мердігер мекеменің басшысына нысанды тез арада пайдалануға беру қажеттігін айтты.

Ал, Ерімбет Көлдейбекұлы көшесіндегі тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру жұмыстары өте баяу жүргізіліп жатқанын сынға алды. Мердігер мекеме басшысына жұмысты ширатып, уақытылы аяқтау қажеттігін айтты. Құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауды тиісті сала басшыларына тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: