Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Лукашенко Еуропадағы соңғы диктатор ма?

13.08.2020, 10:50 646

Осыдан бес жыл бұрын әлемде үздіксіз басқару­  құқығына  ие  болған 55 диктатор  бол­ған. Қазір  олардың  кейбірі  өмірден  озды,  кейбірі өз өкілеттігін тоқтатты. Мұны неге айтып отырмыз? Апта басында ғана президенттік сайлауда алтыншы­ мәрте жеңіске жеткен Белоруссияның алғашқы  президенті Александр Лукашенко «Еуро­паны­ң соңғы диктаторы» деген ілеспе атақ­қа ие болды. Беларусь Республикасын 26 жылдан бері үздіксіз басқарып келе жатқан Лука­шенко бұған дейін 1994 (80,3%), 2001 (75,6%), 2006 (83%), 2010 (79,6%), 2015 (83,5%) жыл­дары сайлау­шылардың басым даусымен президенттік ман­датын жалғастырып келген. Ал осы жылғы сайлауд­а жеңіске жетуіне және жеткеніне қарсы тараптар өз уәждерін көшеге шығып білдіруде. Сондықтан оның диктаторлық режимінің дәуірі аяқталуға таяу қалды деп болжауда саясаттанушылар. Дегенмен, одан сескеніп тұрған ешкім жоқ.

БЕС  КАНДИДАТ.  АЛТЫНШЫ  САЙЛАУ

1991 жылы тәуелсіздікке қол жеткізген Белоруссия президенттігінің кезекті сынына бұл жолы 5 кандидат тіркелді. Олар – оппозициялық блогер Сергей Тихановскийдің әйелі Светлана Тихановская, экс-депутат Анна Канопатская, «Ақиқатты айт» науқанының жетекшісі Андрей Дмитриев, Белоруссия социал-демократиялық Храмада партиясының жетекшісі Сергей Черечень және президент Александр Лукашенко.

Бір елді бір орында, бір жүйеде, бір ықпалда, бірсарынды басқару мәселесі – беларусь халқы үшін өте маңызды мәселе. Тіпті халқының басым бөлігі бұған дейінгі сайлау қорытындыларына да сенбеген. Сондықтан 2020 жылы 9 тамызда мерзімінен бұрын дауыс берілген сайлау­ға наразыл­ық білдірген топ  көше шеруіне шыққан. Сайлау­дың алғашқы күнінде жарияланған экзит­-пол мәліметтерінен кейін республиканың бірнеше қаласында оппозиция тарапынан азаматтар митингтерге шыға бастаған. Кейбір деректерге сүйенсек, Лукашенко жеңісін мойынд­амайтындардың митингісіне ұзын-ырғасы 100 мыңға жуық адам жиыл­ған. «NEXTA Live» деректе­ріне қарағанда, Немигте тұтқындарды тасымалдайтын үлкен көлік наразы­ топты қаққан. Зардап шеккендер бар, қайтыс болғандар да болуы мүмкін. Әуелде нараз­ы топ Жеңіс паркіндегі «Минск-горо­д-герой» тастұғырының алдын­а жинал­ған. Кейін күштік құрылымдар жиналғандарды шетке ығыс­тырып шығарғ­ан соң арнайы операцияға Ішкі істер сарбаздары мен ОМОН жасақтары жұмылдырылған. Наразы топты тарқа­ту үшін көз жасаурататын газ бен су шаш­қан. Екі тараптың қақтығысынан зардап шеккендер бар делінген ресми ақпаратта. Ал күштік құрылымдар тарапынан саяси науқан басталғанша 80-ге жуық адамның тұтқындалғанын мәлім­деген. Сарапшылар, мұны Лукашенко билігі тұсындағы ең ірі наразылық жиындары деп бағалаған. Дегенмен, одан еш өзгеріс не нәтиже болған жоқ.

БҰЛ  САЙЛАУ – СОҢҒЫ  «ДӘУІР»

Әдеттегідей белгіленген уақытта президенттік сайлау өтті. Нәтижесінде сайлаушылардың 80,23 пайыз қолдауына ие болған алғашқы президент кезекті жеңісіне жетті. Беларусь Орталық сайлау комитетінің мәліметінше, оған 4 миллион 650 мыңнан астам халық дауыс берген.

Айта кетейік, бұл жолғы сайлауда Лукаш­енконың басты қарсыласы – Светлана Тихановская. Жалпы дауыс беруші­лердің 10 пайызының сенімінен шықты делінген ресми мәліметке сенгендер қатары­ сирек. Үміткердің өзі де солардың қатарынан, орталық сайлау коми­ссия­сының қорытындысымен келіс­пейді. Өзін  сайлау  жеңімпазы ретін­де  санайды.­ Тихановская  штаб-пәтеріне  тиесілі  6000-ға жуық сайлау учаскесінің 250-ге жуығы дауыс беру нәтижелері туралы­ жеке мәліметтерге ие. Штабтың мәліметінше, Светлана елдің әртүрлі аймақтарында  70-90%-ға  дейін  дауыс  жинаған.

Сайлау науқаны аяқталған соң журналистер басты жеңімпазды сұрақтың астына алды. «Қазіргі сайлауды ең қиын деп санайсыз ба?» деген сауалға: «Мен үшін ең қиын деп айтпас едім, бірақ, ең күрделісі» деп жауап берді. «Лукашенконың  билік етуінің алтыншы мерзімі шыны­мен де оның соңғы «дәуірі» болуы мүмкін» деп жазады германиялық «Reutlinger General-Anzeiger» газеті.

2025  ЖЫЛЫ  ПРЕЗИДЕНТТІККЕ 

ҮМІТКЕР  БОЛА  МА?

Елдегі басты саяси науқан басталмас бұрын президент мемлекеттік шекара комитетінің есебін тыңдаған. Кейбір мәліметтерге сенсек, сайлау науқанына қатысты бүлік шығару үшін өзге елдерден жалдамалы адамдар жіберілген. Тексеру барысында жасанды визамен елге кірмек болған 170 азамат шекарадан кері қайтарылған. Тіпті кейбір адамдар елден шығарылған. Сондықтан шекарадағы бақылауды қадағалау маңызды деп санаған.

– Жағдайды елемеуге болмайды, бірақ ел ертеңнен бастап хаосқа түседі немесе қандай да бір қақтығыс, көтеріліс немесе­ азаматтық соғыс болады деп айтуға ешқан­дай негіз жоқ. Мен оған кепілдік беремін, – деді А.Лукашенко.

Белоруссия – Еуразиялық Одаққа мүше елдердің бірі. Сондықтан болар кейбір шетелдік басылымдар «Лука­шенко Кремль үшін идеалды нұсқа ма?» деген тақырыпты қаузауда. Еуразиялық Одақтағы басымдықты иеленіп отырған Ресей бұл жолы да қолын сермеп қал­ғысы­ келетінін шетелдік сарапшылар жасырм­ай  отыр.

Алдын ала белгілі болған сайлау қорытындысын естіген Әзірбайжан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Эквадор, Қырғызстан, Түркия және ТМД құрамындағы өзге ел басшылары Лукашенконы кезекті жеңісімен құттықтады. Өз кезегінде Елбасы Н.Назарбаев «Беларусь халқы Сіздің кандидатураңыз­ға дауыс бере отырып, экономикалық рефор­малар саясатын жалғастыруды, халық­тың әлеуметтік әл-ауқатын арт­тыруды және Беларусь Республикасының халықаралық беделінің нығая түсуін қолдайтынын тағы бір мәрте растады.

Достық пен өзара құрмет дәстүрлеріне негізделген Қазақстан-Беларусь стратегиялық серіктестігін дамытуға қосқан Сіздің жеке үлесіңізді ерекше атап өткім келеді. Бұл ретте Қазақстан Беларусьпен екіжақты форматта да, Еуразиялық эконом­икалық одақ аясында да байланыстарды кеңейту және тереңдету ісін жалғастыруды  көздеп  отыр.

Мен сенімге және өзара түсіністікке негізделген достығымызды қадірлеймін әрі оны жоғары бағалаймын. Біздің өткен жылдардағы бірлескен жемісті жұмысымыз әрі қарай да екі ел халықтарының игілігі жолында көптарапты ынтымақ­тастықты дамыту үшін берік негіз бола алатынына сенімдімін» делінген жеделхат  жолдады. Ал Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев­тың құттықтау хатында: «Саяси жағдайдың күрделі болғанына қарамастан сайлаудың қорытындысы халық сіздің Беларусь мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға негізделген стратегиялық бағытыңызды қолдайтынын  көрсетті»  делінген.

Бүкіл әлем назарын өзіне аудар­ған Белоруссиядағы президент сайла­уының болжамды нәтижесі жарияланды. Онда еңбек кітап­шасында 1994 жылдан бастап Бела­русь Республикасының президенті деп жазылған Александр Лукашенко 80,23%, Светлана Тихановская 9,90%, Анна Канопатская 1,68%, Андрей Дмитриев 1,04%, Сергей Черечень 1,13% дауыс жинаған. Сайлауға қатысушылардың 6,02 па­йызы барлығына қарсы дауыс берген. Беларусь ОСК саяси науқанға 5 млн 790 мың адам қатысқан деген дерекпен бөлісіп отыр. Бұл деректерге сенбеген жұрт сайлаудан соң да бірқатар қалаларда митинг ұйымдастырды. Ал президенттің басты  қарсыласы  болған  Тихановская орталық  сайлау  комиссия­сына дауысты қайта санауға өтініш беріп, өзі Литваға бас сауғалап кетті. Бүрсігүні Украина радасының депутаттары Лукашенконың жеңі­сін мойындамау туралы бастама көтерді. Бастысы,  сайлаудың  ресми­ қорытындысы 14 тамызда белгілі болады. Ал келесі президенттік сайлау 2025 жылға белгіленіп отыр. Алайда оған А.Лукашенко ел басқару үшін кандидат бола ма, әлде  бас  тарта ма, ол жағы әзірге  белгісіз.

Н.ҚҰДАЙБЕРГЕН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: