Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Күзде Қазақстан үкіметі тарай ма

18.06.2025, 8:55 71

HALYQLINE.KZ

Кеше Тәуелсіздік сарайы кулуарында премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр «күзде парламент сайлауы бола ма?» деген сауалға жауап берді.

Премьер-министрдің орынбасарына сұрақ қойған журналистер одан күзде парламенттің кезектен тыс сайлауы өтуі мүмкін деген қаңқу сөздерге қатысты пікір білдіруін сұраған. Олар парламент таратылса, үкімет те отставкаға кететінін еске салды. БАҚ өкілдері «мұндай ақпарат шындыққа жанаса ма?» деп сұрады.

«Мен БАҚ-тардағы бұл ақпаратты көріп те, естіп те жүрмін. Олардың еш негізі жоқ. Тұрақты парламентаризм жүйесі жұмыс істеп жатыр және тиімділігін көрсетіп отырғанына толығымен сенімдімін. Өз басым бұған еш негіз көріп отырғаным жоқ», – деп мәлімдеді Скляр.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: