Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көпірден секірген адам құтқарылды

19.04.2025, 11:08 351

Астанада көпірден секірген ер адам құтқарылды, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Кеше таңғы сағат 06:35 шамасында кезекшілік кезінде полицейлер «Арқар» көпірінің қоршауынан асып өткен ер адамды байқаған. Олар дереу оқиға орнына жеткенімен, азамат сол сәтте суға секіріп кеткен.

Жағдайды бағамдаған полиция капитаны Нұрсұлтан Динабеков бірден суға түсіп, зардап шеккен азаматқа қарай жүзген. Ол ер адамға құтқару шеңберін кигізіп, оны жағаға алып шыққан. Бұл уақытта жедел жәрдем тобы дайын тұрған.

«Ойлануға уақыт болмады. Мен жақсы жүземін, сондықтан өзіме сенімді болдым. Жылдам әрекет ету керек болды. Бұл – менің полиция қызметкері әрі адам ретіндегі парызым. Мұндай сәтте тек бір ғана мақсат болады, ол – адамды құтқару», – деді Нұрсұлтан Динабеков.

Зардап шеккен азаматқа қажет медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: