Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көлік министрі сөгіс алды

14.05.2025, 15:40 396

HALYQLINE.KZ

Мемлекет басшысы көлік министрі Марат Қарабаевқа жұмыс барысында жіберген кемшіліктері үшін сөгіс жариялады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері жөніндегі отырысы өтті.

Отырыста мемлекет басшысы көлік саласындағы ахуалды сынға алып, жиын соңында министр Марат Қарабаевқа жұмыс барысында жіберген кемшіліктері үшін сөгіс жариялаған.

«Мемлекет басшысы көлік-логистика саласындағы проблемаларды шешуге қатысты нақты шаралар қабылдауды тапсырды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Марат Қарабаев 2023 жылғы 2 қыркүйектен бері еліміздің Көлік министрлігін басқарады.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: