Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Кет дегенде, ит те кетеді!»

05.02.2024, 15:40 351

HALYQLINE.KZ

Қазіргі қалыптасқан аса қиын әлеуметтік-экономикалық жағдай мен халықтың наразылығына салсақ, сөзсіз, үкімет отставкаға кетуі керек. Және де үкімет президентке саяси салмақ салмай, өз еркімен орнынан кетсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Бірақ бізде ондай практика қалыптаспаған: әр премьер, министр не әкім жоғары жаққа жалған есеп беріп, жылы орнынан айырылғысы жоқ.

Және бір үкіметтің отставкаға кетіп, оның орнына екіншісі келгенінен не өзгереді дейсіз? Сол баяғы жүйе, үкіметтің жұмысына не қоғамның, не парламенттің еш ықпалы жоқ: президентке оң есеп берсе болғаны.

Сол себепті осы жағдайды өзгерту керек! Ең бастысы – екі-үш жылға арналған нақты бағдарламасы бар бір команда үкіметке келуі тиіс, сол бағдарламасын орындамаса, орнынан кетсін, ал орындай алса құба-құп, жұмысын жалғастыра берсін. Осындай реформа жасамай, баяғы жартас сол жартас боп қала бермек.

Әміржан  ҚОСАН,

саясаткер

Дереккөз: qamshy.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: