Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еліміздің бас санитары мәлімдеме жасады

29.01.2020, 14:04 930

ҚР бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин әлеуметтік желілерде тарап жатқан Қызылорда мен Жамбыл облыстарындағы науқастардың жай-күйі туралы мәлімдеме жасады.

Қызылордада науқас дене қызуымен және бас аурымен ауруханаға түсті. Сұрау барысында анықталғандай, сырқат жуынған соң вагонда ашық терезе астында ұйықтап қалған. Ол таяуда Қытайдың Хайнань аралынан оралғандықтан бөлек боксқа оқшауландырылды. Қазіргі уақытта пациент жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына шағымданбайды, қызуы жоқ, барлық қажетті диагностика жүргізілуде, – деп атап өтті.

Сонымен қатар, ол Жамбыл облысында екі науқасқа ЖРВИ диагнозы қойылғанын атап өтті. Науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, температурасы қалыпты. Ал Алматы облысындағы азаматтардың жағдайы да қалыпты. Олар Панфилов аудандық ауруханасында тексеруден өтті. Қазір оларды шығару мәселесі шешілуде.

Бұдан бөлек, Жандарбек Бекшин әлеуметтік желілерде таралып жатқан ақпараттарға сенбеуге шақырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: