Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елде жобалық-сметалық құжат жасауға қанша қаржы жұмсалады?

18.02.2021, 14:45 1217

HALYQLINE.KZ Елде жобалық-сметалық құжаттың жұмысын мемлекеттік сатып алу соңғы 3 жылда қарқынды өскені байқалады. 2020 жылы пандемия жағдайында аталған жұмысты сатып алу 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе артық орындалған. Айта кетейік, ЖСҚ арнайы ережемен сатып алынған. Бұл туралы «GUMOL» стратегиялық зерттеу орталығының командасы IRIM виртуалды марафон аясында мониторинг жүргізген болатын.

«GUMOL» стратегиялық зерттеу орталығының мәліметін негізге алсақ, 2018 жылы өткізілген сатып алу саны – 71 (521 712 524 теңге сомасында), ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 837-ге жетті (2018 жылмен салыстырғанда 12 есе жоғары). Жалпы6 аталған жұмыстарға 13 260 550 288 теңге бөлінген. 2020 жылы сатып алу сомасы 21 598 675 528 теңгеге дейін өсті. Бұл 2018 жылы өткізілген сатып алудан 40 есеге көп.

Жобалық-сметалық құжаттаманың құнын талдау барысында барлық тапсырыстың 97%-ы бірінші тапсырыста, ал ашық тендер (арнайы тапсырысты қолданбай) екінші немесе үшінші сатысында жасалғаны байқалады.

Сонымен қатар, республикалық маңызы бар қалаларда ЖСҚ сатып алу құны басқа өңірлермен салыстырғанда 5-10 есе жоғары.

Нақтыласақ, ең қымбат жобалық-сметалық құжаттама Алматыда, Түркістан облысында және Нұр-Сұлтанда жасалған. Жыл соңында (арнайы тапсырысты қолдану аяқталуға бірнеше күн қалғанда) Түркістан облысы Келес ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі жалпы сомасы 393 571 213 теңгеге конкурс ойнатады. Бұл Түркістан облысының барлық жобалық-сметалық құжаттарының жартысын құрайды.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 14 ЖСҚ әзірлеу құны – 479 380 806 теңге. Яғни, бір жобалық-сметалық құжаттың орташа құны – 35 000 000 теңге. Айта кетейік, өзге аймақтарда жобалық-сметалық құжаттаманың орташа құны 5-10 млн теңге аралығында.

Мемлекеттік сатып алу порталындағы ашық мәліметтерге сәйкес, Алматы облысының Алатау ауданына қарасты төрт шағынауданға 1500 орындық мектептің жобалық-сметалық жұмысы әртүрлі бағаға сатып алынған. Мектептің ЖСҚ минималды құны – 93 млн теңге болса, максималды құны – 174 млн теңге. Баға 2 есе айырмашылық бар. Аталған жобалық құжат бекітілгеннен кейін үш және одан да көп жыл ішінде құрылысы басталмаса, бұл құжатты қайтадан түзету қажет. Оны іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша түзетуден, қайта сараптамадан өткізеді. Қайта бекіткеннен кейін ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Алайда түзетулердің құны арзан емес. Сонымен қатар, жобалық-сметалық құжаттаманы түзету үшін техникалық қадағалау, мемлекеттік сараптама жүргізілуі бюджеттік қаражаттың бөлінуін талап етеді. Содан кейін тағы бөлек сатып алынуы керек екенін ескерген жөн.

Енді «Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылында жалға берілетін 24 пәтерлі төртқабатты 30 тұрғын үйдің құрылысы» жобалық-сметалық құжаттамасына тоқталайық.

Жоғарыда көрсетілгендей, бастапқыда жасалған құжатты түзету үшін бірнеше жұмыс сатып алынған. Мұндай жұмыстардың құны бюджетке 1,2 миллиард теңгеден астам шығын келтірді. Жоспарлаудың тиімсіздігі бюджетке шығындар әкелетіні айтпасақ та белгілі. Осы ретте «Неліктен түзетулер жасауға мемлекеттік бюджеттен миллиардтар жұмсалады» деген сұрақ туындайды.

Тіпті, тиімсіз жұмсалған 1,2 млрд теңгеге жағдайы төмен отбасылар үшін 80 екі бөлмелі пәтер сатып алуға, бір жыл бойы қаланы толықтай абаттандыруға немесе бір мектеп салуға болатын еді деп те топшылап қойдық.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: