Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ел президенті мемлекеттік қызметшілерді құтықтады

23.06.2022, 10:15 181

HALYQLINE.KZ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Тwitter-парақшасында жазды. 

«Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы мемлекеттік қызметші күнін белгілеу туралы шешім қабылдады», – деп жазды Тоқаев.

Ол Жаңа Қазақстанды құру ісінде мемқызметкерлерге ерекше міндет жүктелетінін айтты.

«Қызметтегі негізгі қағидаттарыңыз – адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, ашықтық болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Ел үмітін толық ақтайсыздар деп сенемін», – деді Тоқаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: