Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Блинкен: «Владимир Путиннің бір адамнан қорқатыны қызық»

20.01.2021, 15:25 402

АҚШ мемлекеттік хатшысы қызметінен үмітті Энтони Блинкеннің (суретте) мәлімдеуінше, жаңадан сайланған президент Джо Байден әкімшілігі Ресей билігінің Алексей Навальныйдың аузын жабуға тырысып жатқанын сынайды.

Саясаткердің пікірінше, Навальный миллиондаған адамның пікірін айтып отыр. «Олардың пікірі Ресейде естілуі тиіс», – деді Блинкен.

Германиядан Мәскеуге оралған Алексей Навальныйды Ресей билігінің ұстағаны туралы Блинкен: «Соған қарағанда, Владимир Путин бір адамнан қатты қорқады. Қызық. Осының өзінен көп нәрсені аңғаруға болады», – деді.

Навальныйдың қамауға алынғанын бұның алдында АҚШ мемлекеттік департаментінің қазіргі басшысы Майк Помпео да сынаған. «Өзіне сенімді саяси лидерлер қарсыласының дауысынан қорықпайды, саяси бәсекелестеріне күш көрсетпейді, заңсыз қамауға алмайды», – деп мәлімдеді Помпео.

Алексей Навальный 17 қаңтарда Германиядан Ресейге оралды. Оны әуежайда ұстады. Келесі күні саясаткерді тергеу абақтысына отыз күнге қамады.

Германияда Навальный былтыр тамыз айынан бері емделген. Алдында саясаткерді Ресейде «Новичок» тобына жататын умен улаған.

Дереккөз: centralasian.org

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: