Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Биыл қанша мемлекеттік қызметші білімін жетілдірді?

21.10.2022, 9:40 422

HALYQLINE.KZ Облыста мемлекеттік қызметшілердің саны – 3 343 бірлікті құрайды. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардағы 389 бос лауазымға орналасуға конкурстар өткізілді. Нәтижесінде, 261 үміткер бос лауазымдарға қабылданды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев хабарлады.

– Биыл жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар бойынша барлығы 600 мемлекеттік қызметшінің білімін жетілдіру жұмыстары жүргізілмекші. Соның ішінде қайта даярлаудан – 56, біліктілігін арттыру курстарынан – 408 мемлекеттік қызметші өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру мақсатында жыл басынан бері 200-ден астам мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылды. Осы ретте, департаменттің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында «Сіз білесіз бе?» айдары жиі жарияланып отырады. Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс барысы туралы облыстық қалалық, аудандық телеарналар мен басылымдарда ақпараттар ұсынылып, арнайы айдарларда көрсетіледі. Сонымен бірге, осы жылдың сәуір айында «Сыр жастары» жас мемлекеттік қызметшілер клубының жұмысы қайта жанданды. Онда жаңа құрам жасақталып, алғашқы құрылтайы өткізілді. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметке жастарды тарту бағытындағы жұмыстарға оң әсерін тигізеді деп күтілуде, – деді Ғалым Сұлтанұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: