Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі спорттық нысандарды аралады

19.08.2020, 11:10 561

HALYQLINE.KZ Биыл еліміздің көк байрағын әлемдік аренада желбіретіп, салауатты өмір салтын насихаттап жүрген спортшылар кәсіби мерекесін 16 тамыз күні атап өтті. Осыған орай, бүгін Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев бірқатар спорт нысандарын аралап, спортшылармен кездесті.

Аудан басшысы алдымен Әйтеке би кентінің М.Дулатов пен Жетес би көшелерінде биыл салынған спорт алаңдарына барып, жас аяқдопшылармен кездесті.

– Биыл осы аумақ тұрғындарының өтініштеріне сәйкес, 2 бірдей спорт алаңы салынды. Дәл қазір бұл жерде біздің балаларымыз доп теуіп жатқанына өте қуаныштымын. Талайды таңқалдыратын таланттың барлығы ауылдан шығады. Сондықтан осы жерде жүйелі жұмыстарды үйлестіру керек. Жаңадан салынған дүниеге жанашырлықпен қарап, барлығымыз бақылау жасауымыз қажет, – деді аудан басшысы.

Кездесуде аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлыбек Есбосынов екі спорт алаңына да бір-бір маманнан белгілеп, қазіргі таңда жас балалар тұрақты түрде футбол ойнап жатқанын жеткізді. Ал, 5 квартал аймағынан қос бірдей спорт алаңының салынғанына дән риза болған тұрғындарының атынан футболдан Қазақстан ұлттық құрамасында доп тепкен жерлесіміз Дәуренбек Тәжімбетов аудан әкімі Мұрат Ергешбаевқа өзінің аты жазылған футболканы естелікке табыс етті.

Мұнан соң аудан басшысы №17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде спорт саласының басшылары және жаттықтырушылармен кездесіп, спорт күні мерекесімен құттықтады.

Басқосуда Қазалы қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Жұмабек Құлбаев, Қазалы спорт кешенінің директоры Нұрболат Әбиев және №17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры Қуанған Бәкен спортшыларға қолайлы жағдай жасап жатқан аудан әкіміне алғыстарын айтып, бірқатар ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: