Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың тұрғындармен кездесуі басталды

11.08.2022, 17:15 306

HALYQLINE.KZ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың 2022 жылдың III тоқсаны бойынша кент, қала және ауылдық округтерде халықпен кездесулері басталды.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың тұрғындармен кездесуі Жалаңтөс батыр ауылында басталды.

Халықпен кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, облыстық мәслихат депутаты Мнажадин Өтеев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Талайлы Бөріқұлақов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Болат Кабизов, аудандық мәслихат депутаттары Әбдуәли Рахметов, Ғазиз Әліш және бірқатар дербес бөлім мен мекеме-кәсіпорын басшылары қатысты.

Аудан басшысы алдымен 2022 жылғы ІІІ тоқсандағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы міндеттері туралы қысқаша айтып берді.

Мұхтар Әуесұлы биыл аудан орталығына жақын орналасқан Жалаңтөс батыр ауылында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

Атап айтар болсақ, елді мекенде Қызыл ой көшесі жарықтандырылып, су ұңғымасы қазылуда.

Сондай-ақ, ауылды көгілдір отынға қосу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күнге 14 шақырым орта және төмен қысымды газ желілері жүргізіліп, 3 дана ГРПШ қондырғысы нысан басына әкелінді. Бұл жұмыстар жоспар бойынша қазан айында аяқталады деп күтілуде.

Одан бөлек, Жалаңтөс батыр батыр ауылынан спорт кешенін салу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жолданған.

Ал, округке қарасты Шитүбек елді мекенінен медициналық бекет құрылысын салу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.

Мұнан соң өткен кездесуде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалу барысына тоқталды.

Сөз кезегі ұсыныс-пікірлерге берілгенде ауыл тұрғындары бірқатар мәселені аудан басшысының назарына ұсынды.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындар көтерген мәселелердің әрбіріне жеке-жеке тоқталып, сұрақтарға жауап берді.

Кездесуден кейін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жеке қабылдауға жазылған азаматтарды қабылдап, олардың мұң-мұқтаждарын тыңдады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: