Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі кәсіпкерлік нысандарының жұмысымен танысты

13.05.2022, 16:10

Бүгін аудан әкімі Асқарбек Есжанов Жалағаш кентіндегі мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржылай қолдау алып, жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысты. Ең алдымен аудан басшысы «Nomad Solar» ЖШС-нің күн сәулесінен энергия өндіретін электр станциясының жұмысымен танысты. Жобаны жүзеге асыру мақсатында Жалағаш кентінің шығыс жақ аумағынан 164 га жер учаскесі табысталған. Жоба 2019 жылдың желтоқсан айында толық іске қосылған. Қазіргі таңда 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Аудан әкімі барған келесі нысан жеке кәсіпкердің «Ержанов Д» күріш ақтау зауыты болды. Жоба 2020 жылы «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында 150,0 млн теңгеге қаржыландырылып, қажетті құрал-жабдықтары алынған. Қазіргі таңда зауытта 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған

. Одан әрі «Клиника Каметов» ЖШС-нің медициналық орталығына ат басын бұрып, нысанның жұмысымен танысты. Жоба 2020 жылы «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-і арқылы «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландырылған. Қазіргі таңда орталықта 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.Сонымен қатар Асқарбек Есжанов «Серпін» аграрлы-индустриялды аймағында орналасқан нысандар «Абылай – 2019» ЖШС-нің күріш ақтау зауыты, жеке кәсіпкердің «Карбоз Ж» жылыжай кешенінің жұмыстарымен танысты.

Сапар барысында «Серпін» аграрлы-индустриялды аймағында орналасқан «Өркен Әлем» ЖШС-нің арнайы киімдер тігу және әскери каска дайындау цехы да назардан тыс қалмады. Тігін цехы 2017 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда 61 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Мұнан соң 2020 жылы «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында қаржыландырылған жеке кәсіпкердің «Береке» тұрмыстық сабын шығару цехының жұмысымен танысты. Қазіргі таңда жоба толық іске қосылып жұмыс істеуде. Сапар соңында «Агрохимсервис-С» ЖШС-нің түйіршіктелген азот тыңайтқыштарын өндіру зауытының жұмысын бағамдап өтті. Жоба 2019 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 346,0 млн теңгеге қаржыландырылған. Жоба қуаттылығы – жылына 60,0 мың тонна түйіршіктелген азот тыңайтқыштарын өндіру. Қазіргі таңда жоба толық іске қосылып, 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Сапар барысында аудан басшысы кәсіпкерлермен сөйлесіп, шағын және орта бизнес иелері жұмыстарын одан әрі жандандырып, өнім көлемін арттыра отырып, шығарылатын өнімдерді сапалы әрі стандартқа сай етіп өндіру қажеттігін баса айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: