Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі ауылдарды аралады

07.06.2021, 10:20 888

HALYQLINE.KZ Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев түске дейін Абай, Басықара, Қ.Пірімов, Жалаңтөс батыр, Ғ.Мұратбаев ауылдарын, түстен кейін Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Ү.Түктібаев, Майдакөл және Бекарыстан би елді мекендерін аралап, әлеуметтік маңызы бар нысандардың жұмысымен танысты. Әрбір ауылда тұрғындармен кездесіп, пікір алысты, олардың ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдады.

Ауыл халқы ауданда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар мол екенін, осындай игілікті істер елді мекендерде де бар екенін жеткізіп, осы жұмыстар жалғасын тапса деген игі тілегін жеткізді. Мәселен, Абай ауылының тұрғындары көшелерді асфальттау мен жарықтандыруды сұраса, Басықара, Қ.Пірімов, Жалаңтөс батыр ауылының халқы «3 ауылды газдандыру мәселесі қашан шешіледі?» деген сауалын қойды.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Абай ауылынан Басықара елді мекеніне дейін айналма жолмен барып, атқарылып жатқан жұмыспен танысты. Бүгінгі таңда бюджеттен қаржы бөлініп, Басықара мен Абай ауылан дейінгі 20 шақырым жолды асфальттау жұмыстары басталған. Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтанов бұл жұмысты толық аяқтау үшін әлі де қаржы жеткіліксіз екенін жеткізді. Аудан басшысы бөлім басшысына жұмыстардың сапасы мен уақытылы жүруін қадағалауды қатаң тапсырды.

Аудан басшысы Ә.Тыныбаев атындағы су торабына да арнайы соғып, мамандармен тілдесті. Мамандар арнайы дайындалған стендттер арқылы аудандағы каналдар жүйесі мен Сырдария өзеніндегі қорғаныс бөгеттерін таныстырды.

Ғани Мұратбаев атындағы ауылға сапары кезінде Мұхтар Әуесұлы Оразбаев ауыл ақсақалдарымен бірге Шығыстың жарық жұлдызы атанған жерлесіміздің ескерткішіне гүл қойып, құрмет көрсетті.

Бекарыстан биге барғанда Ұлы Отан соғысының ардагері Қабақ Смағұлға сәлем, қарт майдангердің батасын алды. Сондай-ақ, ауылдағы «Диін» бағына арнайы соғып, мұндағы жемісті жұмыстармен танысты. Ауыл халқының еңбекқорлығын ерекше бағалап, ризашылығын білдірді.

Елді мекендерді аралау кезінде аудан әкімі Мұхтар Оразбаевпен бірге облыстық мәслихат депутаттары Ібайдулла Тілеп, Мнажадин Өтеев, аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков және дербес бөлім басшылары бірге жүрді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: