Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Асыл мұрат – азаттықты аялау

16.12.2021, 14:00 340

HALYQLINE.KZ

ҚҰРМЕТТІ  ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР!

АРДАҚТЫ  АҒАЙЫН!

VII шақырылған Қызылорда қалалық мәслихаты депутаттарының атынан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесімен құттықтаймын!

Әр ұлт үшін тәуелсіз ел болу – ұлы арман. Дүниежүзінде алты мыңға жуық ұлт пен ұлыс бар екен. Солардың ішінде екі жүздей ұлт қана тәуелсіз мемлекет болып отыр. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз болып қала бермек.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында мәңгілік ел мұратын тұрлаулы етудің«Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарын ұсынды.

Бұл тұғырды тиянақтау мен тұлғаландыру – баршамызға аманат. Осы жолда мемлекеттік және қоғамдық міндеттер тұр.

Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз тұғыры мығым ел болу жолында кедергілерді еңсеріп, қиын­дықтарды жеңіп келеміз. Мұның бәріне берекелі бірлік пен еселі еңбек арқылы жеттік» деген болатын.

Еліміз тәуелсіздік жылнамасының төртінші онжылдығына қадам басқалы тұр. Бұл кезеңнің оңай болмайтыны қазірдің өзінде айқын байқалуда. Сондықтан кез келген сын-қатерге дайын болуға тиіспіз. Алдағы мақсаттарға қол жеткізу үшін бәріміз бір кісідей жұмылып, елімізде бірлік пен тұрақтылықты сақтап, аянбай тер төгіп еңбек етуіміз керек. Бұл біздің тәуелсіздікті нығайтуға қосқан үлесіміз болмақ.

Құрметті жерлестер!

Еліміздің Ұлық мерекесінде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз баянды болсын!

VII шақырылған Қызылорда қалалық

мәслихатының хатшысы И.Құттықожаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: