Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Астанаға халықтың қоныс аударуын шетеуді дұрыс деп есептеймін – Дүйсенова

29.08.2023, 18:28 356

HALYQLINE.KZ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Астанаға қоныс аударуды шектеу туралы саясатқа қалай қарайсыз?» деген сауалға жауап берді.

– Халықтың қоныс аударуын шектеу – халықаралық практика. Көптеген мемлекеттердің астаналарында адамдардың санына қарап инфрақұрылымы салынады. Осындай көзқараспен қарағанда азаматтардың қалаға көшіп келуін тежеу мәселесін дұрыс шығар деп есептеп отырмын. Себебі, Астананың мектебі, медицина саласы, жалпылай айтқанда инфрақұрылымы адамдардың шамадан тыс көбеюіне дайын емес. Қазір бас қаламызда бір үйде 5-6 отбасы тұрып жатыр. Әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардың барлығын бір жерге салып қоюға болмайды. Емханалар мен мектептердің жағдайы көтерсе тұрғындарды қабылдай беруге болады, – деді министр.

Еске сала кетейік, кеше осы мәселе бойынша қоғамдық кеңес өткізілген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: