Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Асқар Жұмағалиев қызметсіз қалды

29.01.2020, 11:00 533

HALYQLINE.KZПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев қызметтен босатылды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Хабарламада «Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды» делінген.

Айта кетейік, өткен айда президент коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте бірқатар шенеуніктің жұмысын сынаған. Сол жиында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ескерту алған еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: