Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алда атқарылар жұмыс көп

01.09.2023, 18:22 230

HALYQLINE.KZ

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жасады.

Мемлекет басшысы алдымен ағымдағы жылдың көктем айында болған сайлауда сайланған Мәжіліс депутаттарының құрамы мен жұмысына тоқталып өтті. Жаңадан сайланған депутаттарға алдағы жұмысына сәттілік тілеп, елде болатын жұмыстарға тоқталды. Мемлекет басшысы тұрғындардың әл-ауқатын арттыруда, ауылшаруашылығын дамытуда ұтымды ұсыныстар мен пікірлерін айтып нақты тапсырмаларды берді. Бұл дегеніміз – тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту бағытының бастауы саналады.

«AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өту қажет. Соның арқасында еліміздің 8 аймағында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арттырды. Олардың көпшілігі – 10 және одан да көп несие алған адамдар. Бұл жоба аз уақытта өзінің тиімділігін көрсетті. Үкіметке «AMANAT» партиясымен бірлесіп, оның ауқымын кеңейтуді тапсырамын. «Қарызсыз қоғам» жобасының игілігін бүкіл еліміз көруі қажет» деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы экономиканы одан әрі дамыту, тұрғындардың әл-ауқатын көтеру, тұрмыстық жағдайын жақсарту, су тапшылығы, көлік логистикасы, балалардың қауіпсіздігі сияқты негізгі мәселелерді айтып өтті. Алда атқарылар жұмыс көп, бұл жұмыстар тек халық игілігі үшін.

Қаншагүл Мұстафаева

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: