Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақ басшысы «РЗА» АҚ қарасты кешенде болды

19.04.2022, 10:00 774

HALYQLINE.KZ Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың жұмыс сапары Қазалы ауданында жалғасты. Алдымен аймақ басшысы «РЗА» АҚ қарасты ірі қара өсіру кешенінде болып, өңірдегі өнім шығару жұмысымен танысты.

Кешенде пастерленген, ультрапастерленген сүт, айран, қаймақ, сүзбе, сары май, ірімшік шығарылады. Аймақты 90% сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорында 85 адам жұмыспен қамтылған. Аталған маркамен йогурт, ряженка, брынза және балмұздақ өндіру жоспарланған. Өнім Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарына жеткізілетін болады. Мемлекеттік қолдау шаралары аясында шаруашылыққа жем-шөп қорын даярлау үшін 1233 гектар жер учаскесі табысталған. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, «Электрмен жабдықтау» жобасы жүзеге асырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: