Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлеуметтік мемлекеттің сындарлы үлгісі

25.02.2021, 11:30 1000

Еліміздің әлеуметтік саясаты тұтас әлеуметтік қоғамды құру мақсатын жүзеге асыру жолында келеді. Оның құқықтық мүмкіндігі Ата заңымызда «әлеуметтік мемлекетті құру» деген ұғыммен байланысты өрбуде. Сол себеп­ті, әрбір еліміздің азаматы жан-жақты әлеуметтік қамтылу үдерісіне қатысады.

Нарықтық талаптармен қатар әлеуметтік саясатты жүргізу, оның ішінде әлеуметтік теңдік, әлеуметтік әділдік қағидаларына сай алып жүру – жұмыстың ең қиыны. Десе де, бұған қарамастан бәсекелестік қоғамды талап ететін нарықтық өмірде, мемлекет қоғам алдында толық жауапкершілікті алып, осымен тәуелсіздік алған жылдардан бері ауыр жүгін көтеруден айныған емес. Кейде, қоғам тара­пынан «кім жаман – мемлекет жаман, кім жасамай жатыр – мемлекет жасамай жатыр!» деген масылдық сындар орынсыз қолданылуда. Бұл – енді азаматтық қоғамның саналық деңгейі.

Мемлекет толық әлеуметтік міндеттеме­лерін түрлі төтенше ситуацияларға қарамастан, әлеуметтік көмегін, жеңілдіктерін, жәрдемақыларын аямай дер кезінде беруде. Оған кешегі пандемиялық кезеңнің ауыр науқанында куә болдық. Көп дамыған еуро­палық елдердің өзінде мұндай әлеуметтік тепе-теңдікті ұстап тұратын мүмкіндіктерді жасаған жоқ. Керісінше, әкімшілік айып­пұлдарды күшейтіп, қиналған жұрттың жағ­дайын ушықтырғаны қаншама.

Осы ретте, қоғамның басына қиындық түскен уақытта әлеуметтік тепе-теңдікті күйзе­ліссіз алып шығу сын сағаты ел Үкіметі мен басшылығына үлкен жауапкершілік артты. Меніңше, бұл сын-қатерлерден мемле­кетіміз әлеуметтің әлеуетінің шашауын шығармай, қартын күйзелтпей, сәбиін шырылдатпай аман алып шыға білді. Әлеуметтік әділдік емей немене бұл сонда?!

Елбасының әлеуметтік саясаты ауыр тоқсаныншы жылдардан бір күнде зейнетақысын, жәрдемақысын тоқтатпай өтемін төлетіп шығуы, болашақ мамандарының аяққа тұрып кетуіне 60-70 мыңдап оқу гранттарының санын еселеп арттырып, көпбалалы аналарына тиісті көмегін мөлшерлеп көтеріп, жас отба­сыларына жыл санап пәтерлерін төменгі ставкамен арнайы мемлекеттік бағдарламаларымен күшейтіп отыруы, бұл әлеуметтік саясаттың ең жоғарғы жетістіктері деп түсінуіміз керек.

Әлеуметтік кәрзеңкенің орташа көлемін әлеуметтік жеңілдетілген бағамен қоғамдық дүкендердің желісін орнатуы, әлеуметтік сақтандыруды кеңінен енгізу бағыты елімізді дамыған өркениетті елдердің қатарына бір­табан  жетелейді.

Қазақстан осы күндері Орталық Азия елде­рінің аймағында әлеуметтік күйзеліссіз орташа еңбекақысы 170 мың теңгеден, яғни шамамен 450 АҚШ долларын құрайтын деңгей­ге жеткізіп отыр. Салыстырмалы түрде 70 АҚШ долларынан аспайтын Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан елде­рінің табыс көзімен салыстырып қарасақ, едәуір  жоғары  көрсеткіш.

Осы жерде саяси-қоғамдық тұрақтылық­тың, демократиялық қағидалардың салмақты қадамдармен жүргізілуі, парламентаризм идея­ларының орнауы, жергілікті өзін-өзі басқару бағыттарының қалыптасуы, қоғамдық тыңдалымдардың, кеңестердің құрылуы, әкімдердің халық алдында есеп беру дәстүрінің жандануы, еріктілік қозғалыстарының қалыпты дамуы және т.с.с. азаматтық қоғамның қағидаларының қарқынды дәрежеде өз жемістерінің беруімен, мемлекеттік әлеу­меттік әділдікті қалыптастырудағы анағұрлым бүгінгі айқын көрінісін көрсетіп беруде.

Сондықтан, еліміз Ата заңда белгіленген әлеуметтік мемлекетті құру қағидаларынан мысқал да айныған жоқ. Керісінше, кезең-кезеңімен қоғаммен етене тығыз байланыса отырып, бірге сенімді қадамдарын басып  келеді.

Мақсат  ЖАҚАУОВ,

аймақтанушы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: