Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әкімдерді халықтың өзі сайласын!

16.08.2020, 16:00 365

HALYQLINE.KZ  Ашық талқылауға ұсынамын! Сіздердің ұсыныс пікірлеріңді ескере отырып, билікке талап қоямыз.

Бірінші: Шұғыл түрде «Сайлау туралы» заңды өзгерту керек.

Заңда сайлаушының даусы ұрланбайтындай жағдай болуы қажет. Дауысты қарсылас жақтың бақылаушылары ашық санауға мүмкіндік жасалсын. Сайлауда әділдік болмаса, халықтың даусы ұрланса, онда қоғам дамымайды.

Әділетсіздік болған жерде, халықтың толқуына, толқудың арты төңкеріске, төкерістің соңы қантөгіске алып келеді. Бұл – Тәуелсіздікке қатер деген сөз!

Екінші, жаңадан сайлау туралы заңы қабылданған кезде, ауыл, аудан, қала, облыс әкімдерін жергілікті халықтың өзі сайласын. Халық руға, ұлтқа бөлінеді, халық сайлауға дайын емес, деу ол – халықты қорлау! Әкімдерді халық сайласа, әкімдер халыққа қызмет етеді, болмаса орнынан кетеді. Ал, қазіргі әкімдер халыққа емес, өзін тағайындағандарға көп жалтақтайды.

Үшінші, Қазақстанға қос палаталы парламент керек емес, Сенатты тарату қажет.

Парламент депутаттығына партиялық тізіммен, әрі өз-өзін ұсыну арқылы сайлануға жағдай жасалсын. Партияда жоқ тұлғалар да, парламент депутаты болуға құқылы болсын. ҚР азаматын партияда бар, партияда жоқ деп бөлуге болмайды.

Төртінші, «Халық ассамблеясы» тарасын!

Қазақстан Республикасының азаматтарын ұлтына қарай бөлуге болмайды. Заң бәріне бірдей болсын. Халықтар ассамблеясына бөлінген миллиардтар ғылымға жұмсалсын.

Бесінші, мектеп, аурухана, арнаулы, жоғарғы оқу орындарының басшыларын, өздері қызмет ететін ұжымның мүшелері сайласын.

Жәнібек Қожықтың фейсбук парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: