Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әкім тұрғындардың талап-тілегін тыңдады

28.07.2020, 10:00 583

HALYQLINE.KZ  Қазіргі таңда ауданда эпидемиологиялық ахуал әлі толық тұрақтала қойған жоқ. Дегенмен жоспарланған жұмысты жалғастыру, халықтың мұң-мұқтажын тыңдау күн тәртібінен түспейді.

Осыған сәйкес Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев ауылдарды аралауды бастап кетті. Негізгі мақсат – ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды халыққа таныстырып, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдау.

Аудан басшысы кеше Әйтеке би кентіне жақын орналасқан Басықара, Құмжиек, Қарашеңгел және Ғ.Мұратбаев ауылдық округтерінде болып, тұрғындармен кездесті. Кездесуде Мұрат Нәлхожаұлы алдымен ауданда атқарылып жатқан игілікті істерді айтып берді.

– Еліміздегі болып жатқан оқиғаға қарамастан ауданда қыруар жұмыстар атқарылуда. Бір ғана «Жол картасы» бағдарламасы аясында 3 млрд 11 миллион теңгеге 42 жоба атқарылып жатыр. Одан бөлек, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы 1 млрдқа жуық қаржыға Бекарыстан би ауылында үлкен жұмыс жүргізілуде. Алдымен ауыз су сервистік желіге қосылады. Тағы да 7 көшеге асфальт төселіп, 8 көшеге жарықшамдар орнатылады, – деген аудан әкімі Мұрат Ергешбаев алдағы жоспарларымен де бөлісті.

Өз кезегінде ауылдың тұрғындары аудан басшысына көкейде жүрген сауалдарын жеткізді. Мәселен Ғ.Мұратбаев ауылының тұрғындары елді мекендегі газ жүргізу жұмыстары неліктен тоқтап қалғандығын сұрады. Аудан басшысы тиісті мамандарға бұл мәселе дереу шешімін тауып, ертеңнен бастап газ жүргізу жұмыстарын бастауды тапсырды.

Аудан әкімі М.Ергешбаев ертең Жанқожа батыр, Ақтан батыр, Абай ауылдары мен Қазалы қаласына барып, тұрғындармен кездеседі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: