Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Әйтеновті Нәлібаевқа ауыстырасыңдар ма?» (Видео)

23.05.2023, 17:40 336


Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың жұмысына 5 деген баға беріп, көпшіліктің назарын аударды.

Оған Қызылорда қаласының тазалығы мен Сырдария өзенінің  бойынан  халықтың серуіндеуіне ыңғайлы жағдай жасап  қойғаны өте қатты ұнапты.  

 – Президент саябағындағы көріністі айтсаңшы! Көкжайлауда демалып отырған халықты, әсіресе балалардың мәз-мейрам күй кешіп жүргендерін көріп, көзің қуанады екен

Тазалық ұғымын қаланың ішіне ғана емес, облысқа қарасты аудандар арасындағы  Батыс Еуропа – Батыс Қытай  жолына да қатысты айтқым келеді.

Дәретханалардың болуы, жол белгілері, одан бөлек жол бойындағы бағаналардың бәрін әктеп-сырлап, тақадай етіп тазалап жүрген адамдар көп.

Тазалық үшін бөлінген қаржы қарапайым жұмысшылардың қалтасына түсіп жатқанын осыдан-ақ байқауға болады.

Шыны керек, шымкенттіктер Әйтенов келгелі, қоқыстан көз ашпай қалдық, ал мынандай таза қаланы көріп ШОК болады екенсің!

Қызылорда халқына ұсыныс: Әйтеновті Нәлібаевқа ауыстырасыңдар ма?, – деген жазба қалдырды әлеуметтік желіге.

Әкімнің жұмысы тек тазалықпен ғана өлшенбейтіні белгілі. Қазіргі кезде облыс халқының 98 пайызы таза ауыз сумен, 67 пайызы табиғи газбен қамтылған. Биылғы жылдың аяғына дейін газдандыру жұмысы 72 пайызға дейін жететіні жоспарланып отыр.  

2022 жылдың 1-қарашасындағы мәлімет бойынша облысқа 350,7 млрд теңгеден астам инвестиция салынған. Оның 70 пайызы – жеке инвестицияның еншісінде. Демек, инвестиция тарту көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 31,1 пайызға артып, оның өсу қарқыны республика бойынша бірінші орынға шықты.

Облыста өңдеу өнеркәбімен айналысатын 328 кәсіпорын тіркеліп, онда 3 289 адам жұмыспен қамтылған.

Өңдеу өнеркәсібінің өсімі бойынша:

– металлургия өнеркәсібі 12,2%-ға;

– резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 25,8%-ға;

– жеңіл өнеркәсіп 53%-ға;

– құрылыс материалдарының өндірісі 3,2%-ға;

– тамақ өнімдерін өндіру 10,4%-ға;

– химия өнеркәсібі 2,3%-ға өскен.

Сыр елінің диқандары биыл 195,6 мың гектар жерге егін ексе, оның 83,9 мың гектары күріштің еншісінде. Қалғанына мал азығы мен ауыл шаруашылығы өнімдері егіледі.

Қазіргі уақытта  облыстағы тоқтап қалған өндірістер қайта жанданып жатыр. Соның айғағы ретінде Жалағаш ауданындағы қызыл мия өндірісінің қайта іске қосылғанын айтуымызға болады.

Қызылорда облысы 2022 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуды сипаттайтын макрокөрсеткіштер бойынша Қостанай, Ақмола, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарынан кейінгі 5-орынға шықты.

Қысқаша айтқанда Қызылорда облысы өзінің тазалығымен ғана емес, әлеуметтік-экономикалық өсімінің қарқынымен де республикаға үлгі бола алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: