Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ә.Смайылов: Қолымнан келмейді десеңіздер, қазірден орынды босатыңыздар!

14.12.2022, 9:10 175

HALYQLINE.KZ

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов 14 желтоқсанда үкімет отырысында министрлерге жұмыс істей алмайтын болса, орнын босатуға кеңес берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Премьер-министр президенттің «жаңа жылға үкіметтің қазіргі құрамымен аяқ басуға бола ма?» деген сұрағына нақты жауап күтіп отырғанын министрлердің есіне салып өтті.

«Мен премьер-министр ретінде президент жүктеген міндеттерді орындауға әрі тиімді шешуге бар күшімді саламын. Осында отырған әрбір үкімет мүшесінен де нақты жұмыс күтілуде. Біздің жұмысымыздың нәтижесін қазақстандықтар сезінуі керек. Талап өте жоғары. Ал қолымнан келмейді, шешім қабылдай алмаймын десеңіздер қазірден орынды босатыңыздар! Халыққа шын жаны ашитын, мойнына жауапкершілік алып, батыл шешім қабылдайтын адамдармен ғана жұмысты жалғастырамыз», – деді Үкімет басшысы.

Ол бүгінгі отырыста мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар талқыланатынын айтты. Сондай-ақ, Республикалық штаб құрылғанын, оның құрамына орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың барлық бірінші басшылары кіргенін атап өтті.

«Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының әрбір қадамы тұрақты бақылауда болады. Осы Жоспардың барлық тармақтарының орындалуы үшін бірінші басшылар тікелей жауапты», – деді Әлихан Смайылов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: