Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

15 жастағы жасөспірім 13 жастағы баланы зорлаған

04.02.2023, 18:50 944

Талдықорғанда 15 жастағы жасөспірім 13 жастағы балаға сексуалды сипаттағы зорлық көрсеткен. Ведомствоның мәліметінше, бейнежазба әлеуметтік желіге өткен жылдың желтоқсан айында жарияланған. Полиция тексеріс жұмыстарын жүргізіп, күдіктілерді анықтады.

  • Бейнежазба 2022 жылдың желтоқсанында жасалғаны белгілі болды. Жасөспірімдер ата-аналарымен бірге қалалық полицияға жеткізілді. Мұндай жағдайда балалар психологы, заңды өкілдер, педагогтар мен адвокаттардың міндетті түрде қатысуымен сауалнама жүргізіледі, – делінген полиция хабарламасында. 

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлімі «Жас балаға қатысты, сексуалдық  сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: