Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жыл басынан бері ХҚО-ларда 270 мың ЭЦҚ берілген

19.01.2021, 15:30 482

HALYQLINE.KZ ХҚО арқылы электрондық цирфлық қолтаңба рәсімдеушілер саны қаңтар айында күрт өсті. Жыл басынан бері халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қазақстандықтар 270 мыңнан астам ЭЦҚ рәсімдеген, бұл көрсеткіш желтоқсан айымен салыстырғанда 30% көп.

Бұл зейнетақы қорындағы қаржыны шешу және жыл сайынғы мемлекеттік қызметкерлердің декларация тапсыру уақытының басталғанымен байланысты. Цифрлық қолтаңбаны рәсімдеушілер арасында Алматы, Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары көп, көшбастап тұрған мегаполис – Алматыда 27 мың болса, қалған екеуінде 23 мыңнан қолтаңба алынған. ЭЦҚ-ны ХҚО арқылы ең аз рәсімдегендер саны Батыс-Қазақстан облысында – небәрі 7 мың.

Мемлекеттік корпорацияның төрағасы Әділ Кожиховтың айтуынша, ЭЦҚ-ны онлайн түрде рәсімдеуге болады, сондықтан пандемия уақытында халық көп жиналатын жерге барудың қажеті жоқ.

«Біз әр тұрғынның денсаулығына алаңдаймыз. Бүгінде ЭЦҚ-ны үйде отырып-ақ, бірнеше минуттың ішінде рәсімдеуге болады», – дейді Әділ Кожихов.

Сондай-ақ, Азаматтарға арналған үкімет ЭЦҚ кілттерін уақытылы жаңартып отыруды ескертеді. Бір жылға берілетін электронды қолтаңбаның мерзімі аяқталуға таяған кезде, яғни 10 күн бұрын ЭЦҚ иесіне ескертпе-смс келеді. Азаматтар кілттердің жарамдылық мерзімін Ұлттық күәландырушы орталығының pki.gov.kz сайты арқылы тағы бір жылға ұзарта алады. Бұл да ЭЦҚ алу үшін ХҚО-ға барудың қажеттілігін жояды.

Айта кетейік, ЭЦҚ-ны egov.kz порталы арқылы онлайн рәсімдеу мүмкіндігі 2020 жылғы сәуір айынан бері бар. Ол үшін камерасы бар ноутбук немесе компьютер, жеке куәлік және мобильді азаматтар базасында тіркеу болу қажет. Жүйе азаматтың жеке басының мәліметтері мен бет-әлпетін сәйкестіргеннен кейін жаңа ЭЦҚ-ны сақтап алуды ұсынады.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Қызылорда облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: