Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Журналистер бильярд пен боулингтен сынға түсті

29.06.2023, 10:35 109

HALYQLINE.KZ 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай ардагер журналистер арасында ақсүйек спорт саналатын бильярдтан турнир өтті.

Классик жазушы Ғабит Мүсіреповше айтсақ, бұл тас-таяқ бәсекесі қазақ руханиятына еңбегі сіңген, ақпарат айдынында өзіндік қолтаңбасымен дараланған ардақты ағаларымыз бен журналистика саласындағы орта және қазіргі жас буын арасында өзара шығармашылық үндестікті бекемдеу мақсатында ұйымдастырылды.

«Бильярд аса үлкен тактиканы, мұқият әдіс-тәсілді және шеберлікті қажет етеді. Кейде, қарсылас ойыншылардың психикалық ахуалы да бір-біріне әсер етуі ғажап емес. Ойын барысында бильярд үстелін айналып жүріп, бірнеше шақырым жүріп тастағаныңды да байқамай қаласың. Мұның өзі қан айналымға оң әсерін береді», – дейді белгілі ақын, қарымды қаламгер Дүйсенбек Аяшұлы.

Тартысты өткен турнир нәтижесінде 1-орынды «Қызылорда» телеарнасынан Жалғас Әлібеков жеңіп алса, 2-орын «Сыр медиалық» Қуаныш Оразбаевқа бұйырды. Жарыстың фавориті саналып, «Сыр медиа» намысын қорғаған Дүйсенбек Аяшұлы мен «Қоғам ТВ» телеарнасы сенім артқан Сәдуақас Ізімбаев 3-орынды өзара бөлісті.

Айта кетейік, бүгін әлемге танымал спорт түрінің бірі боулингтен де журналист қыздар арасында байрақты бәсеке ұйымдастырылып, Қызылорда телеарнасының командасы 1-орынға лайық екенін дәлелдеді. 2-орынды «Қоғам тв» телеарнасының қыздары еншілесе, «Сыр медиалық» арулар мен «Меншікті тілшілер» командасы 3-орынды қанағат тұтты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қала әкімінің алғыс хатымен және арнайы естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Дәлдік пен шеберлікті қажет ететін аталмыш спорт түрлерін қамтитын турнирлер алдағы уақытта да жиі ұйымдастырылатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: