Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жұмыстың сапалы орындалуына мән беру керек»

15.02.2021, 13:00 434

HALYQLINE.KZ Биыл Қазалы қаласындағы 10 көшеге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Яғни, жолдарды асфальттаумен қатар, коммуникациялық құдықтарды ұлғайту, аяқсу құбырларын ауыстыру сияқты біршама жұмыстар атқарылады.

Кеше аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Қазалы қаласына арнайы барып, асфальтталатын көшелерді көзбен көрді.

– Жөнделетін көшелердің барлығы да бұрын асфальттанбаған және әлеуметтік нысандарға баратын жолдар екен. Бұл, әрине, өте орынды. Жеңімпаз мекемелер анықталған соң жұмыстардың сапалы орындалуына қатты мән беру керек, – деген аудан басшысы Бөлекбаев көшесін де асфальттау қажеттігін айтты.

Қала әкімі Рахметулла Ізтілеу Бөлекбаев көшесінің келесі жылы асфальталатын жолдардың қатарында бар екенін айтты. Сондай-ақ, көне аурухана ауласындағы кедергілерді алып, екі жақтағы Бұлақбаев көшесін қосу жөнінде ұсыныс тастады.

Аудан басшысы мұндай мәселелер жергілікті қоғамдастықтың жиналысында талқыланып, халықтың қолдауымен атқарылу қажет екендігін айтты. Егер тұрғындар бұл ұсынысты қолдаса, осы көшені жөндеуден үнемделген қаржының есебінен атқарылу қажеттігін айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: