Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жұмыссыз бес минут отыруға ұяламын

22.05.2021, 12:00 717

Мен:

1. Біреудің сырын сыртқа шашуға ұяламын. Досыма да, қасыма да ауыр сөз айтуға ұяламын. Үлкенге де, кішіге де (әсіресе үлкендерге) «сен” деп сөйлеуге ұяламын. Әлдекімге жағынып, жағымпаздық жасауға ұяламын. Жұмыссыз бес минут отыруға ұяламын.

2. Кімге болса да қолымнан келген жақсылықты жасамауға ұяламын.

3. Кісі нәрсесіне қызығуға, біреуден бір нәрсені тегін алуға ұяламын.

4. Сөйлеп тұрған кісінің сөзін бөлуге ұяламын, оны ақырына дейін мұқият тыңдауға тырысамын. Мүмкіндік болса, өз ойымды ол кісі сөйлеп болғаннан кейін айтамын. Мүмкіндік болмаса, үн-түнсіз қала беремін. Өңештемеймін.

5. Өкпелемеймін. Біреуден бірдеңе сұрап, қол созуға ұяламын, ешкімнен ештеңе дәметпеймін. Қоғамдық орындарда (емхана мен ауруханада, азық-түлік дүкендерінде, поштада, әртүрлі
кассалар алдында) кезекте тұрмай, «Мен ардагермін” деп жұртты кимелеп, алға қарай ұмтылуға ұяламын.

МЕН БАРЛЫҚ ЖАСТАРДЫ ҰЯТТЫ БОЛУҒА ШАҚЫРАМЫН!

Әзілхан НҰРШАЙЫҚОВ,

жазушы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: