Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жүкті әйелге вакцина салуға болмайды

09.04.2021, 16:30 350

HALYQLINE.KZ Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Табынбаев Нариман Болтайұлы вакцина салдырғаннан кейін жүктілік жоспаралауға болатынын айтты.

Табынбаевтың айтуынша, жүктіліктің алдында вакцина салдырса, ананың бойындағы антиденелер балаға да беріледі және бұл ешқандай қауіп тудырмайды. Алайда жүктілік кезінде вакцина салдыру қауіпті. 

«Жүкті әйелдерге вакцина салғызуға болмайды. Ал вакцина салдырғаннан кейін жүкті болса, ана мен балаға айтарлықтай қауіп төндірмейді. Өйткені, ананың бойындағы антиденелер балаға беріледі. Вакцина салдырғаннан кейін қанша уаықттан кейін жүктілікті жоспарлауға болатыны туралы ешқандай дерек жоқ. Иммунитет қалыптасқаннан кейін, бала көтеруге болады», – дейді Табынбаев. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: