Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жол жабылады

23.06.2020, 12:15 652

HALYQLINE.KZ

Құрметті Қызылорда қаласы тұрғындары мен қонақтары!

Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қызылорда қаласындағы ЖК-28-нан №3 мектеп, №15 мектеп, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы және Қызылорда облысының соты ғимаратарына дейінгі кварталаралық құбырларды, ысырмаларды және жылу жүйелернің қосалқы қондырғыларын ауыстыру» нысаны бойынша жерасты жылу құбырларын жаңғырту үшін құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты, 2020 жылдың 24 маусымынан бастап 24 шілдесіне дейін Асқар Бекзатхан көшесі (Тоқмағанбетов көшесінен Қызылорда облыстық соты ғимаратына дейінгі аралық) уақытша автокөлік жолы жабылатындығын хабарлаймыз.

Тапсырыс берушісі: «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК;

Мердігер мекеме: «СК» ЕрҚанат Сервис» ЖШС;


Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында «Қызылорда қаласындағы ЖК-15А-нан Шұғыла м/а №1А, 6А, 7А, 11А тұрғын үйлеріне дейінгі кварталаралық құбырларды, ысырмаларды және жылу жүйелернің қосалқы қондырғыларын ауыстыру» нысаны бойынша жерасты жылу құбырларын жаңғырту үшін құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты, 2020 жылдың 12 маусымынан бастап 10 шілдесіне дейін Панфилов көшесі (Қожа Ахмет Яссауи көшесімен Бұхарбай батыр көшесі аралығы) уақытша автокөлік жолы жабылатындығын хабарлаймыз.

Тапсырыс берушісі: «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК;

Мердігер мекеме: «Абзал Проект Консалтинг» ЖШС;

Келтірілген уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!

Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: