Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жобалар сапалы әрі уақытылы орындалуы тиіс

26.07.2023, 9:15 158

HALYQLINE.KZ Абай даңғылы мен Ғ.Мұратбаев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің кварталаралық жылу желілері жаңартылуда. Ұзындығы 1 шақырым 700 метрді құрайтын жылу құбырларын «Механизатор» ЖШС ауыстыруда. Қазіргі уақытта жалпы жұмыстың 40 пайызға жуығы аяқталған болса, қалғаны толығымен күз айлары басталғанша бітеді. Нәтижесінде 50-ден астам көпқабатты тұрғын үй сапалы және тұрақты жылумен қамтылады.

Сұлтан Бейбарыс көшесін (Н.Назарбаев даңғылы мен Тәуелсіздікке 25 жыл көшесінің аралығы) орташа жөндеу және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл көшенің бойында автокөлік ағымы басым екендігі белгілі. Сондықтан жолдың ені 4 жолақтыдан 6 жолақтыға кеңейтілуде. Бүгінде көшенің кеңейген бөлігін қоса алғанда беткі асфальт қабатына жабынды төселуде. Айта кету керек, құрылыс жұмыстарымен қатар жол белгілері қайта жаңғыртылып, жаңа бағдаршамдар орнатылады, аялдамалар салынады. Жөндеу жұмыстарына жауапты – «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС. Аталған көше тамыз айының 15-іне ашылатын болады.

Көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылуда. Бұл бастама Абай даңғылы, Ш.Есенов және Ғ.Мұратбаев көшелерінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында жүргізілуде. Жоба бойынша аулаларға тротуар салынып, асфальт төселінеді. Автотұрақтар жасалынады, жасыл-желек отырғызуға орындар дайындалады. Бүгінде мердігер мекеме «Азамат құрылыс» ЖШС жоспардағы жұмыстардың 60 пайызын орындады.

Еламан Керейтбаев көшесінің қос қапталына аяқжол салынуда. Ұзындығы 1 шақырым, ені 1,5 метр болатын жаяу жүргіншілер жолының жабындысын «Ақнұр Авто» ЖШС төсеуде. Құрылысы шілде айында басталған бұл игілікті іс тамыз айында аяқталады.

Ауқымды шаруалардың барысын пысықтау мақсатында құрылыс нысандарын аралаған Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменов мердігерге жұмыстарды сапалы әрі мерзімінде тапсыруды жүктеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: