Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жеке құрамның жауынгерлік дайындығы пысықталды

06.11.2020, 12:00 878

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК- 169/1 тергеу изоляторы қауіпсіздігі аралас мекеме болып саналады. Сондықтан да, қандай да бір жағдай туындаған кезде, қызметкерлердің жауынгерлік дайындықтары жоғары деңгейде болуы керек. Осы мақсатта жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен әртүрлі тақырыптағы оқу-жаттығу жұмыстары өткізіліп келеді.

Соның бірі ретінде, ҚАЖ комитетінің нұсқаулығына сәйкес, Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып атқарылған іс-шараны айтуға болады. Бұл жаттығу жұмысы арнайы контигент арасында жаппай тәртіпсіздікті болдырмаудың алдын алу немесе болған жағдайда жолын кесу, жеке қорғану және белсенді қорғаныс құралдарымен жасалатын арнайы тактикалық даярлықты пысықтау және оқыс жағдайдағы қызметкерлердің жедел әрі нақты әрекет ете білуін жетілдіру мақсатында өткізілді.

Дабыл бойынша жиналған жеке құрамға мекеменің режим және күзет бөлімінің бастығы әділет капитаны М.Смағұлов іс-шараны толық түсіндіріп, жаттығудың мәні мен мақсатын таныстырды. Оларды бес топқа бөліп, қызметкерлердің шұғыл әрекет ету дайындығын пысықтады. Жаттығу барысында, тосқауыл жасау тобы арнайы құралдармен жасақталып, әрекет барысында оларды орынды қолдана білу керектігі ескертілді.

Соңында оқу-жаттығу жұмысына талдау жасалынды. Ұйымдастырушылар тарапынан қызметкерлер мен жабдықтардың дайындығы жақсы деп бағаланды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: