Кеше облыстық білім басқармасының басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға алдын ала тіркелген тұрғындар қатысып, білім беру саласына қатысты өзекті сұрақтарын, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Қабылдау барысында мектеп инфрақұрылымы, оқулықпен қамтамасыз ету, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасау, мектепке дейінгі ұйымдардың жай-күйі секілді мәселелерді көтерді. Әрбір өтініш жеке қаралып, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Асқарбек Темірбекұлы азаматтардың көтерген сұрақтары назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, кейбір мәселелерді заң талаптарына сәйкес шешу үшін жауапты бөлімдерге тапсырма берді. Ал күрделі сипаттағы мәселелер заңнама аясында кезең-кезеңімен шешілетін болады.
Ашықтық пен қолжетімділік қағидаттары аясында тұрғындар басқарма басшысының қабылдауына egov порталы арқылы, е-otinish бірыңғай базасы немесе басқармаға келіп жазбаша арыз тастау арқылы жазыла алады.
©️Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!