Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жартыжылдықтағы жұмыстар сараланды

07.08.2020, 17:20 326

HALYQLINE.KZ  Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) өзіне жүктелген негізгі функционалдық міндеттерді жүзеге асыруда 2020 жылдың 1-жартыжылдығында бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарды.

Басқармаға мемлекеттік бюджет және жеке инвестициялар есебінен салынатын нысандарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы 245 хабарлама түсті. Оның 93-і (38,0%) – Қызылорда қаласында, 152-сі (62,0%) аудандарда орналасқан.

Олардың 130-ы (49-і жаңа құрылыс) бюджет қаражаты есебінен, 115-і жеке қаражатқа салынып жатқан нысандарға қатысты болды.

Нысандарда құрылыс жұмыстарының сапасына бақылау күшейтіліп, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жалпы 34 жоспардан тыс тексеру ұйымдастырылып, анықталған ақаулар мен кемшіліктерді жою жөнінде 10 нұсқама берілді. Сонымен қатар, 2020 жылдың І-ші жартыжылдығында құрылыс нысандарына бару арқылы профилактикалық сипатта тексерілетін барлығы 64 кәсіпкерлік субъектісі жоспарға енгізілді. Оның 37-сі тексерумен қамтылып, анықталған бұзушылықтар бойынша 31 нұсқама берілген. Қалған 4-еуі құрылыс нысандары пайдалануға берілуіне байланысты, 23 нысан енгізілген шектеуге сәйкес тексерілген жоқ.

Есепті мерзімде жүргізілген тексерулер нәтижесімен сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты жалпы 23 әкімшілік іс қозғалып, кінәлі тұлғаларға 3 млн 60 мың 581 теңге айыппұл салу жазасы қолданылды. Салынған әкімшілік айыппұлдардың 2 млн 689 мың 441 теңгесі немесе 88%-ы бюджетке нақты өндіріліп, қалған 371 мың 340 теңге өндірілу сатысында.

Басқармамен көрсетілетін 5 түрлі мемлекеттік қызмет электронды қызмет жүйесі «Е-лицензирование» порталына көшіріліп, тұрғындарға 502 қызмет көрсетілді. Оның 237-сі сарапшылық қызметке аттестаттауға, 265-і лицензиялауға қатысты болды.

Азаматтарды жеке қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу қызметінің сапасын арттыру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.

Есепті мерзімде басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 83 өтініш түсіп, қаралған өтініштің 16-сы қанағаттандырылса, 65-і бойынша заңнамаларға түсіндірмелер берілген, қалған 2-еуі қаралуда. Өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу деректері тіркелген жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: