Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жанқожа батыр көшесі асфальтталды

18.08.2020, 9:15 922

Көрнекі сурет

HALYQLINE.KZ Соңғы жылдары ауданымыздағы автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары дұрыс жолға қойылып, нәтижесінде шалғай ауылдарға баратын жолдармен қатар, елді мекенішілік көшелер де асфальтталып жатыр. Оны алысқа бармай-ақ, аудан орталығы – Әйтеке би кентінен де анық байқауға болады.

Жақында аудан орталығындағы Жанқожа батыр көшесі асфальтталды. Әйтеке би кентіндегі негізгі көшелердің бірін жөндеу жөнінде аудан тұрғындары көптен бері айтып жүрген болатын.

«Қазалы Жолшы» ЖШС-ның жұмысшылары көшенің қатты бұзылған учаскелерінің асфальт қабатын қырып, 2 қабатты асфальтбетон жабындысын төседі. Жолдың сапасы мықты болу үшін асфальттың астына қиыршық тас аралас гравилі құм қоспасын салуды да ұмытпады.

Алдағы уақытта көшелер қиылысына асфальт төсеу, жол жабындарын бекіту (обочина), жол белгілерін орнатып, жолақтар сызу сияқты жұмыстары жүргізілетін болады.

Бұған дейін біз сайтымызға «Жанқожа батырға» жан бітпек» деген тақырыпта материал жариялаған болатынбыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: