Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңақорғанда шахталық керіздер қазылды

26.11.2021, 11:27 268

HALYQLINE.KZ Биыл Жаманбай батыр ауылдық округінде Қаратау бөктерінде бос жатқан жерлерді игеру мақсатында «Пазылбек Қажы» шаруа қожалығында ылғал сақтағыш технологияны пайдалана отырып, 600 гектарға мақсары дақылдары егілген. Аққорған ауылдық округіне қарасты Қазақбай өңірінде жаңадан суармалы жерлер іске қосылып, 50 гектарға көкөніс, бақша дақылдары орналастырылды.

Ал, тау беткейіндегі Жайылма ауылдық округіндегі шаруашылық құрылымдары осы жылы орын алып жатқан су тапшылығын ескеріп, көкөніс, бақша дақылдарының көлемін сақтау бағытында шахталық керіздер (котлабандар) қазып, жерасты суларын пайдалана отырып көкөніс, бақша дақылдарын екті. Мұндай тың жобаларды алдағы уақыттарда кеңінен насихаттап, аяқ су мәселесінің оң шешілуіне жұмыс жасалатын болады.

Ауылшаруашылық саласы бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамытып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді және экспорттық әлеуетті әртараптандыру бағытында да жұмыстар істелуде. 2021 жылдың қаңтар-қазан айы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 21,4 млрд теңгені құрады. 2020 жылғы 10 айында – 19,6 млрд теңге болған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: