Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңаөзендіктер аштық жариялады

04.05.2023, 10:05 277

HALYQLINE.KZ

Жаңаөзенде бір айдан бері тұрақты жұмыс талап етіп, әкімдік алдында акция өткізіп жатқан тұрғындар аштық жариялады.

Азатттық радиосына тұрғындардың бірі аштық жариялауға талаптарының орындалмауы себеп болғанын айтады.

Жаңаөзеннің жұмыссыз қалған тұрғындары 1 сәуірден бері әкімдік алдына жиналып, тұрақты жұмыс табуға көмектесуді талап етіп келеді. Жергілікті билік аймақта бос жұмыс орындары жоқ екенін айтқан.

20 сәуірде акцияға шыққан тұрғындар ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, әкімдік алдына түнеген.

Өткен аптада Жаңаөзен тұрғындары қаладағы «Өзнемұнайгаз» кеңсесінің алдында да үндеу жасап, бірнеше талап айтқан. Ол талаптардың арасында тұрақты және айлығы бар компанияға орналастыру және Жаңаөзендегі мұнайгаз компанияларын тексеру қорытындысын ашық жариялау болған. Арнайы құрылған жұмысшы топ Жаңаөзендегі мұнай компнияларында ондаған заңбұзушылық анықталғанын жариялаған.

Кеше мұнайшылардың мәселесі бойынша Жаңаөзен қаласы әкімді мәлімдеме жасады.

«Жаңаөзен қаласында арнайы алгоритм жұмыс істейді, оған сәйкес жұмыссыз тұрғындар жалпы кезекке сәйкес мұнай саласына жұмысқа орналасады.

Аштық жариялаған тұрғындар бұған дейін жалпы кезекті айналып өтіп, мұнай-газ саласына жұмысқа орналасуды талап еткен болатын.

Оған әкімдік өкілдері кезекте тұрған басқа адамдарға әділетсіз болатынын айтып, келіспейтіндерін жеткізді.

Қазіргі уақытта Жаңаөзенде жұмысқа орналасуға, біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін бірқатар мүмкіндік бар.

Айта кету керек, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасқан азаматтың мұнай саласына жұмысқа орналасуға тіркелген кезектілігі, яғни алгоритм сақталады. Бұл – басқа жұмыс істей отырып, сіз мұнай-газ секторында өз кезегіңізді күте аласыз деген сөз.

Құрметті жерлестер, біз сіздің кезексіз, қабылданған алгоритмнің шарттарын сақтамай мұнай-газ саласына тіке кіргізу жөніндегі талабыңызды орындай алмаймыз, өйткені бұл өз кезегін күтіп, әр түрлі салада тыныш жұмыс істейтін қала тұрғындарының құқықтарына нұқсан келтіреді.

Біз сізді ақылға шақырамыз. Арандатушылыққа бой алдырмаңыз» делінген қала әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: