Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңаөзендік жұмысшылар туралы: «Күн батыстан шығады»

12.04.2023, 13:18 312

Жаңаөзен қаласынан Астанаға тұрақты  жұмыс сұрап келген жұмысшыларды күштік құрылым өкілдері ұстап әкеткені,  Жаңаөзен халқы осы оқиғаны естіп жаппай көтеріліп  жатқан тұста оларды қайта босатқаны мәлім. Қазір «ҚазМұнайГаз» компаниясы өкілдері мен энергетика министрлігінінің мамандары және Жаңаөзенге қайтпаған 10 жұмысшы арасында жұмыс тобы құрылып, келіссөз жүріп жатыр. Оның алғашқысы нәтижесіз аяқталды.

Halyqline.kz ақпарат агенттігінің тілшісі  қордаланып қалған оқиға барысын қадағалап отырған желі қолданушыларының  құнды пікірлерінің   кейбірін топтастырды.

Алғадай Әбілғазыұлы:

– Басшысыз  ел – жетім, елсіз  басшы – бейшара!

Туындаған мәселелер өркениетті түрде, заң аясында шешілсін! Қорқыту, жазалау емес, түсіністік пен келісім керек!

Сөзден іске көшейік, ел басындағы азаматтар!..

Билік пен халық  – біртұтас (болуы керек)!

Күш  қолдану  – қарсылықтан басқа ешнәрсе тудырмайды!.

Есдәулет Қызырбекұлы:

– Халықпен сөйлесуді білмейтін депутат мерзімі өтіп кеткеннен кейін мәжілісте мәлімдеме жасайды. Солардың бірі Маңғыстаудың депутаты Жаңбыршин. Бүгін «аймақта бітеу жара көп, ол бір күні жарылады» деп Америка ашып, велосипет ойлап тауыпты. Осыған дейін ешқайсымыз оны білмеген екенбіз. Мұнайшылар бір күн далада түнеп, ақыры арнайы жасақ байлап-матап ұстағанда Жаңбыршин қайда болды екен?

Ұларбек Дәлейұлы:

– Бізге күн батыстан, Жаңаөзен бойынан шығады.

Бибігүл Дәулетпекқызы:

– Өзеннің жігіттерінің Астанаға келуіне ең бірінші түрткі болған – Тендер деген бәле!!!

Олай дейтінім – кешегі билікпен кездескендегі тікелей эфирді бастан-аяқ көріп шықтым.

Байғұс жұмысшылар жыл сайын тендерді ұтқан адамды тосып жүреді. Сөйтіп жүріп бәрінен қағылады. 13-ші айлығы бар, еңбек демалысы бар…

Екінші, стабильность (тұрақтылық) жоқ! Үнемі кім ұтып алады мына тендерді деген үрей бойын билеп жүргені.

Әйелдер біздерді қоя берші, стабильность дегенге мән бермейміз. Ал ер азаматтардың қорқынышы – осы тұрақтылық!

Неге биліктегілер осы тендер деген бәлені құртпайды?! Телевидениеде де осы бәле! Кім көрінген ұтып алады да, сосын білген б*н жеп жүреді! Телевидениенің исі мұрнына бармайтын айдаладағы біреу ұтып алса, сосын бейшара журналистер жүреді солардың ығына көніп. Осы дұрыс па?! Сол үшін эфирдің беті  «айғыз-айғыз»  болып жатыр. Тендер ұтқанның ұпайы түгел. Қалтасына миллиондап салып алады да, байғұс журналистер тастаған сүйекті мүжіп отырғаны… Өтірік деңдерші?! Былтыр мен бір жобамды ұсынған едім, осындай бәлеге қатыс дейді. Егер ақшам жетпей ұтылып қалсам ше десем, әлгі басшысымақ, «Ол кезде ұтқан адамның айтқанына көнесіз» деп қарап отыр!

Сонда менің авторлық жобамды телевидениеден мақұрым мақау ұтып алып, ал мен сол мақаудың жұмысын жасауым керек пе?!

Жалтақтықты, үрейлікті осы тендер деген бәле құртып отыр! Түп тамырымен тендер дегенді жұлып тастау керек!!!

Бекболат Қаржан:

– Мынау билік нағыз суайттардан құралған.

Сайлауды өткізіп алып, қас қағым сәтте бәрін ұмытқысы келді.

Екінші жағынан сайлаудағы барлық былықты тағы ұмыттырғысы келді.

Сайлауды өткізді, қаңтардың құрбандарын тағы ақтарды. Тағы сол себеппен елдің рухын құлатқысы келді. Жанболатты 6 жылға шартты жазаға жапты. Бұл да қоғамға берілген подача.

Сайлауды өткізіп алды, жанармайды шектен асыра қымбаттаты.

Тұтыну заттарын тағы еселеп қымбаттаты.

Сайлауды өткізіп алды, кешегі уәделерін де қас пен көздің арасындағы сәтте ұмытты.

Бір сәтте бәрін естен шығарғысы келіп, қоғам ортасына әртүрлі миды қатырар, рухты сындырар ақпараттарды лақтырды.

Дәл осы сәтте не ұйқысы дұрыс емес, не көрген күні дұрыс емес, қалғыған, мүлгіген халықтың, айлакер биліктің бүйінен Жаңаөзеннің жанкешті жігіттері бір тепті. Бір тепкеннен оянды.

Әй, қазақтар! Тұрыңдар! Біз келдік дегеннен бұлар зәре құты қашып, қорықты.

Мынау билік қорықты.

Бұл билік халықпен бірге болмайды. Бола да алмайды. Шындығы осы ғана.

Сендерге жалған ұран «жаңа қазақстанға» емес, жарып шыққан Жаңаөзенге қараңдар деп айтамын!

Болат Жетекбай:

– Басқасын былай қойғанда, депутаттардың миллион теңгеден жалақы алып отырғаны – мұнайдың арқасы.

Әр қазақ үйде жатып баюға тиіс өз қазынасы ғой бұл, негізінде. Ал, бұрғышылық – мен деген атпал азаматты зорықтыратын ауыр кәсіп. 700 мың туралы алып-қашпа әңгімеге алақтап отырғандар оны қайдан білсін!

Ұрланған-тоналған ақша мен заңсыз жекеменшікке өткен мекемелерді қайтару мұнай саласынан басталуы керек. Соңғы оқиғалар осыны көрсетіп отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: