Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалағаштағы жылу беру маусымының жай-күйі қалай?

20.10.2020, 9:40 610

Көрнекі сурет

HALYQLINE.KZ Жалағаш ауданында жылу беру маусымы 10 қазаннан басталды. Жалағаш ауданындағы 102 әлеуметтік және басқа да нысанға жылу берілді. Оның 31-і – білім беру нысаны, 27-сі – мәдениет және спорт нысаны, 20-сы – денсаулық сақтау нысаны, 24-і – мемлекеттік мекеме.

2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымына барлық әлеуметтік және де басқа нысандардың сұйық отын қажеттілігі 2860 тоннаны, қатты отын қажеттілігі 2900 тоннаны құрайды.

Бүгінгі күнге нысандар 1429 тонна сұйық отынмен (49,9%), 1821 тонна қатты отынмен (62,8 %) қамтамасыз етілген. Отын қоры 2021 жылдың 15 қаңтарына дейін толық жеткілікті.

Бүгінде аудан тұрғындарының осы жылға қажетті 19 мың тонна көмірдің 16 170 тоннасы, яғни 85,1 пайызы жеткізілді.

Оның ішінде тамыз айынан бері 9730 тонна көмір (139 вагон) теміржолмен, 6440 тонна көмір автокөліктермен жеткізілді.

Бүгінгі күнге көмір қоймаларында 180 тонна көмір (Қаражыра) қалдығы бар. Сонымен қатар, 6 вагон (420 тонна) көмір ауданға жеткізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: