Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалағашта 22 млрд теңгенің өнімі өндірілген

01.04.2021, 13:00 291

HALYQLINE.KZ Жалағаш ауданында өткен жылы 22 млрд теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндірілді. Нәтижесінде облыста облыста алдыңғы қатардан көрініп, «Үздік аудан» номинациясын жеңіп алды.

2020 жылы барлығы 36 750 га жерге ауылшаруашылығы дақылы егілген. Оның 21600 гектары күрішке тиесілі. Диқандар әр гектарынан 69,2 центнерден өнім алды.

– Шаруашылықтарға суармалы суды жеткізіп беру қызметтері құнын арзандатуға, жұмсалған гербицидтерге, тұқым шаруашылығын дамытуға, минералдық тыңайтқыштарға, дақылдарды субсидиялауға мемлекет тарапынан 953 млн. теңге қаржы төленді. Көктемгі егістік жұмыстарына толық дайынбыз, – деді Жалағаш ауданының әкімі Асылбек Шәменов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: