Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалағаш: Күріштен 69,2 центнерден өнім алынды

21.10.2020, 15:30 591

HALYQLINE.KZ Биылғы жылы орналастырылатын ауыл шаруашылығы дақылдарының бекітілген сызбасына сәйкес 36 731 га егiс егу жоспарланып, уақытылы агротехникалық талаптарға сай орналастырылды.

Оның ішінде негізгі дақыл күріш – 21600 га, жаздық бидай – 507 га, мақсары – 1757 га, жаңа жоңышқа – 3715 га, ескі жоңышқа – 6452 га, картоп – 500 га, көкөнiс – 1000 га, бақша – 1 200 гектар.

2020 жылдың егісі үшін қажетті 5500 тонна күріш тұқымы дайындалып, уақытылы себілді. Осы жылдың егісіне қажетті 13105 тонна минералдық тыңайтқыштар мен 22040 литр гербицид жеткізіліп, егісттіке себілді.

Ауданда ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді, ағымдағы жылы 2 905,5 млн теңге қаржыға 75 жаңа техника сатып алынды.

Аудандағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің күзгі егін жұмыстарына барлығы 994 ауыл шаруашылығы техникалары қатысты. Оның ішінде 426 трактор, 245 комбайн, 108 жатка, 53 жүк көлігі және 162 трактор тіркемесі бар.

Егілген 507 гектар бидай толық жиналып, 306 тн өнім алынды. 1757 гектар мақсары толық жиналып, 1493 тн өнім қамбаға құйылды. 3715 гектар жаңа жоңышқа толық жиналып, 4198 тн өнім дайындалды. 6452 гектар ескі жоңышқа орымы толық аяқталып, 34776 тн өнім алынды.

500 гектар картоп толық жиналып, 6105 тн өнім, 1000 гектар көкөніс толық жиналып, 18330 тн өнім, 1200 гектар бақша толық жиналып, 26292 тн өнім алынды.

Бүгінгі күнге 21600 гектар күріш дақылы жоспарға сәйкес толық орылып, жиналып алынды.

Күріштен 2019 жылдың қортындысымен әр гектардан алынған орта өнім 66,0 центнер болса, 2020 жылы 69,2 центнерден өнім алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: